Алғыс айту күні қарсаңында Ө. Сұлтанғазина атындағы педагогикалық институттың Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Республикалық бағдарлама аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Іс-шараның мақсаты - "Әділетті Қазақстан-Адал азамат" бірлік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, отансүйгіштік, адамгершілік, еңбекқорлық тәрізді құндылықтарын түсіндіру және Жаңа Қазақстанды бейнелейтін адамдарға алғыс айту. Қоғамдағы ұлтаралық бірліктің рөлі және оны сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды. Басты сұхбаттасушымыз өскелең ұрпақ болды, қазір халықтың 60% - дан астамы жастар.
Кафедраның қауымдастырылған профессоры Шалгимбеков А.Б., облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми - сараптамалық тобының сарапшысы осындай кездесулерді № 18 мектеп-гимназиясында, № 8 және 22 орта мектептерінде өткізді. Сонымен қатар, біздің университетке оқуға түсушілер үшін кәсіптік бағдар берілді. Жастармен кездесулер олардың әртүрлі мәселелерді талқылау белсенділігімен және ақпараттылығымен қызықты.