object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:23:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

АЛМАСБЕК ӘБСАДЫҚ 2023 ЖЫЛҒЫ - «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР»

2023 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығының қорытындысы шығарылды. Отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және ұйымдардың ғылыми бөлімшелерінің 50 қазақстандық ғалымы жеңімпаз атанды, олардың әрқайсысы 2000 АЕК мөлшерінде куәлік пен сыйлыққа ие болады.

Жеңімпаздар қатарында филология және практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық бар, ол университет тарихында алғаш рет «Гуманитарлық ғылымдар» номинациясы бойынша осы сыйлықтың иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, сыйлық «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған және ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды қолдауға және көтермелеуге бағытталған. Байқауға барлығы 7 бағыт бойынша 307 өтінім түсті: «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» және «Әскери ғылымдар және Ұлттық қауіпсіздік».

Ғылыми жетістіктерді бағалаудың негізгі критерийлері болып, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуы, таңдалған ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық және қазақстандық рецензияланатын журналдарда, оның ішінде жетекші шетелдік ғалымдармен, атап айтқанда Scopus журналдарында бірлесіп жазған мақалаларының болуы, сондай-ақ философия докторы (PhD) немесе тиісті саладағы докторы дәрежесін алған кадрларды дайындау болып табылады.

Бұдан басқа, Алмасбек Ахметұлы Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады. Соңғы екі жылда Алмасбек Әбсадық 3 монография шығарды, оның екеуі Ахмет Байтұрсынұлының зерттеулеріне арналған.

Біз Алмасбек Ахметұлын сыйлықпен құттықтаймыз және болашақта А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нен Қазақстанның үздік ғылыми қызметкерлерінің қатарына кіретін ғалымдардың шығатынына сенімдіміз.

Қабылдау комиссиясы