Baitursynuly University ұстаздары Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған Алаш мұрасының адал шырақшысы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Шараны ҚР Жазушылар одағының филиалы, Қостанай облыстық мәдениет басқармасы, Қостанай облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды.
Конференцияда ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, философия докторы PhD, профессор Рауан Байдалы баяндамасында Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметінің зарттелуі жайында айтты.
Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ қауымдастырылған профессоры, Қазақстан халқы Қостанай облыстық ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Айбек Шалғымбеков «Оян қазақтан – ойлан қазаққа дейін» деген тақырыпта ой қозғады.
– Конференция тақырыбы маған етене жақын, менің ата-анам Міржақып туған ауылдан. Міржақыптың туыстары есімде. Мен баяндамамда «ақын, жазушының әдебиетке қосқан үлесі, қоғам қайраткерінің есімі бізге не үшін қымбат?» деген ой төңірегінде өз пікірлерімді ортаға салдым. Конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына риза болдым. Бағдарламалары қызықты, бірегей жәдігерлер қойылған. Қатысушылар тек тәжірибе, пікір алмасып ғана қойған жоқпыз, көкейтесті мәселелерді бірге зерделедік. Конференция сонысымен ұтты.
Шараға белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серікбай Оспанов қатысты. ҚӨУ профессорының докторанты Данияр Ихсан баяндама жасады.
Жангелдин ауданындағы музейлер кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекеева құнды ақпараттармен бөлісті.