Байтұрсынұлы университетінде Al week апталығы басталды. Апталықтың алғашқы шарасы шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткізілген жасанды интеллект семинардан бастау алды.
Бүгін ҚӨУ Smart-орталығында ең белсенді студенттер мен ұстаздарымыз жиналды.
Семинар тақырыбы – «Жасанды интеллект: шақырулар мен мүмкіндіктер».
Спикерлер: University of Minnesota Morris (США) профессоры Peter Dolan және Оңтүстік Кореяның бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы Deokjae Lee.
Семинардың негізгі сәттері:
Ол «Терминатор 2» фильмінен мысал келтіріп, фантастика мен шынайы технологияның айырмашылығын көрсетті. Сондай-ақ тілдік модельдердің құрылымы, жұмыс істеу принциптері мен олардың білім, ғылым және бизнесте қолдану мүмкіндіктері туралы толық түсіндірді
Peter Dolan мен Deokjae Lee жасанды интеллекттің XXI ғасырдың басты технологиясы екенін айтып, Қазақстанда университеттер мен ғылыми орталықтардың белсенді қатысуымен осы бағытты одан әрі дамытуға зор мүмкіндік бар екенін ерекше атап өтті.
Семинар студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын оятып, болашақ технологиялар жайлы ой-пікір алмасуға керемет мүмкіндік туғызды.