Baitursynuly University Smart-орталығында университеттік хакатон – AI Solutions басталды!
12 команда, ондаған студент. Бәрі де жасанды интеллект әлемінде барын салып, жаңа қырларын ашуға дайын!
Хакатонның мақсаты – креативті ойлау қабілетін дамыту, оқу процесіне нақты шешімдер ұсыну және AI жобаларын жасау арқылы тәжірибе жинау.
«Егер боттар сапалы болса, оларды университет қабырғасында Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімі бақылауымен қолданысқа енгізуге болады», – деді ЦТжЖИ бөлім басшысы Қалыбек Мауленов.
Қатысушыларға арналған кейстер:
Бот жасауға қойылған ортақ шарттар мынадай: әр жоба нақты бір мәселенің шешімін табуы тиіс, қажет деректерге сүйеніп жасалуы, негізгі функциялары болуы және тапсырма бүгін 23:59-ға дейін код, презентация және демо-видео түрінде тапсырылуы қажет.
Жүлделер:
Әр кейске 60k бөлінген, барлығы – 120k. Егер лайықты шешім болмаса, қаражат қайта бөлінеді.
Қорытынды шешімді қазылар алқасы жобаның сапасы мен пайдасын ескере отырып шығарады.
Жеңімпаздардың есімі ертең марапаттау рәсімінде белгілі болады!
Барлық қатысушыларға сәттілік! Жеңіс ең үздік боттарға бұйырсын!
Айтпақшы, бұл шара – AI Week аясындағы төртінші іс-шара.
AI Week шеңберінде ҚӨУ-дің іс-шараларын ұйымдастыруға Қостанайдағы Astana Hub филиалы – Qostanai Hub @qostanai.hub қолдау көрсетті.