Baitursynuly University агрономия кафедрасында ең озық дрондардың бірі іске қосылды.
Қонақ ретінде Қостанай өңіріндегі DJI Agriculture ресми дилері - «AGRO DRONE KZ» ЖШС директоры Жаслан Рахимов келді.
Қонақтар мен студенттерге ауыл шаруашылығына арналған ең заманауи дрондардың бірі - DJI Agras T50 таныстырылды.
Бұл дрон жоғары дәлдікпен, қуаттылықпен және егіс алқаптарындағы тиімді жұмысымен ерекшеленеді. Ол минутына 16 литрге дейін сұйықтық шашыратып, күрделі жағдайларда да жұмыс істей алады және DJI RC Plus жүйесі арқылы оңай басқарылады.
Айта кетейік, кездесу тақырыбы QOSTANAI телеарнасының бағдарламасында да талқыланды. Егер сіз ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге ниетті болсаңыз, ауыл шаруашылығы, ғылым және экотехнологияларды дамытуға қызығушылық танытсаңыз, бағдарламаның кезекті шығарылымын жіберіп алмаңыз!