object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-12 20:24:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«АЭС – болашақтың кепілі»

Бүгін Baitursynuly University ҚР атом энергетикасының болашағы туралы конференция осылай аталды.

Конференцияға студенттер, жас ғалымдар және университет оқытушылары қатысты. 

Баяндамашылар ретінде математика және физика кафедрасының оқытушылары – Юрий Петрович Мартынюк пен Михаил Михайлович Дунский болды.

Жас ғалымдар әлемдегі АЭС пайдалану тәжірибесі, Қазақстандағы атом саласының дамуы, АЭС жұмысының принциптері туралы айтып берді.

Студенттер ҚР-да АЭС-ті қаншалықты тез сала алатынын және оның энергетика үшін қаншалықты тиімді екенін, ел үшін қаншалықты қауіпсіз екенін сұрады. Ғалымдар елдегі энергетикалық теңгерімді сақтау үшін қауіпсіз және қажетті шешім екенін түсіндірді. ҚР электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында:

«Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Сондықтан мен АЭС салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін.».

Еске салайық, Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум 6 қазанда өтеді.

Қабылдау комиссиясы