object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-15 01:28:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де көріскенше!

Осы аптада ҚӨУ өкілдері Фёдоров және Қарабалық аудандарының мектеп түлектерімен кездесті. Бұл іссапар профориентациялық жұмыс аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге 400-ден астам оқушы қатысты. ҚӨУ-дІң әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков университеттегі оқу мүмкіндіктерін таныстырды.

Факультет өкілдері нақты мамандықтар мен қабылдау шарттарын түсіндіріп, оқушылар бүгінде сұранысқа ие мамандықтарға қызығушылық танытты.

Кездесу көңілді әрі жылы атмосферада өтті. Мектеп оқушылары үшін қызықты викторина өткізіліп, жеңімпаздар сый-сияпатпен марапатталды. Биылғы түлектермен танысқанымызға өте қуаныштымыз!

Енді, сіздерді ҚӨУ студенттері қатарында көруді асыға күтудеміз!

Қабылдау комиссиясы