object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 20:16:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

МЕН ҚӨУ ТАҢДАЙМЫН

Қостанай өңірлік университетінің кәсіптік бағдар беру жұмысы қызу жүріп жатыр!

Бүгін біздің делегация "Кәсіптік бағдар беру START-2024" бағдарламасымен Жітіқара қаласына келді.

Іс-шараға Абай атындағы мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары, №7 гимназия, №2,10,12,4 мектеп, сондай-ақ қала маңындағы мектеп оқушылары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты болашақ түлектерді университеттің білім беру бағдарламалары туралы хабардар ету және оларға оқыту бейіні мен болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде кәсіптік бағдар беру болды.

Baitursynuly university командасы оқушыларға: кәсіптік бағдарлау бейнероликтерін көрсету, оқуға түсу шарттары, университетте оқудың артықшылықтары, әскери кафедраның болуы, қос дипломды білім беруді іске асыру, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы және т. б. ақпараттарды түсіндіре отырып, ауқымды бағдарлама ұсынды.

Жиын соңында университет қызметкерлері мен студенттері жоғары сынып оқушыларымен ұжымдық және жеке түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Қабылдау комиссиясы