Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық акция аясында «Қостанай облысы ҚХА медиация кабинеттерінің ашық есік күнін» өткізді. Модераторлардың қатарында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Практикалық психология орталығының жетекшісі Роза Жанғалиева да болды.
Бұл шара мектеп оқушыларына өздерін толғандырған сауалдар бойынша түрлі мамандардан кеңес алуға мүмкіндік берді. Әсіресе мамандық таңдау мәселесіне жіті көңіл бөлінді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары барысында оқушылар оқу ордамыздың білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, сонымен қатар жалпы оқу процесі туралы маңызды ақпарат алды.
Айта кету керек, мектеп оқушыларының көпшілігі психологияға ғылым ретінде қатты қызығушылық танытты, сондықтан іс-шараның соңында олар ҚӨУ-нің Шағын психология академиясына жазылды. Онда психология кафедрасының оқытушылары оқушылар үшін өзекті және қызықты тақырыптар бойынша сабақ өткізеді.