object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 20:17:11.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ИНДУСТРИАЛДЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЗДЕСУ

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің кәсіптік бағдар беру тобы Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде кездесу өткізді.

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; дене шынықтыру және спорт және өндірістік оқыту шебері мамандықтарының студенттері колледждің акт залына жиналып, университет өкілдерімен кездесіп, колледжден кейінгі университетке түсу шарттары қандай, дуальды білім берудің қандай артықшылықтары бар және т. б бойынша мәліметтер алды.

Осы және басқа да сұрақтардың жауабы «Менің BAITURSYNULY UNIVERSITY-ді таңдауымның 10 себебі» атты презентацияда көрсетілді және академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Исакаев толығырақ тоқталып өтті.

Колледж студенттеріне ұсынылған бейнероликтер университет туралы ақпаратты толықтырды. Атап айтқанда, қандай мамандықтар бар, студенттер сабақтан тыс уақытта немен айналысады және т. б.

Бұрын колледж студенті, ал қазір «Ақпараттық жүйелер» БББ 2 курс студенті Иван Олейник өзінің А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-не түсу тарихын баяндап берді.

Әдеттегідей, университет Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры Нарина Мкртчянға кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, университетте кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары әзірленді, оған сәйкес ЖОО өкілдері аптасына бір рет облыс аудандарына, колледждер мен мектептерге барады, ЖОО және оқуға түсу шарттары туралы толық ақпарат беру үшін мектеп түлектерінің ата-аналарымен кездеседі.

 

Қабылдау комиссиясы