object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 20:23:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚПК ТҮЛЕКТЕРІМЕН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы кәсіптік бағдар беру мақсатында Қостанай педагогикалық колледжінің түлектерімен кездесу өткізді.

Шара барысында ҚӨУ-нің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Исакаев колледж түлектеріне жоғары оқу орнына түсудің артықшылықтарын түсіндірді.

Сонымен қатар,  А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де дуальды оқыту жүйесі аясында «Мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Қостанай педагогикалық колледжінің 2023 жылғы түлегі Сабина  Кенжетаева оқу үрдісі жайлы толығырақ айтып өтті.

Кездесу соңында, колледж студенттері университет өкілдеріне өздерінің сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтары жайында онлайн сауалнамадан өтті.

 

Қабылдау комиссиясы