Бұл – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетіндегі психология кафедрасы оқытушыларының бастамасымен қолға алынған бірегей онлайн-жоба. Негізгі мақсат – мектеп оқушыларына психология ғылымының қыр-сырын таныстырып, болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беру.
Сонда оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ өздерін психолог ретінде байқап көре алады. Бұл кәсіби бағдар беру тұрғысынан өте тиімді мүмкіндік.
Іс-шара барысында «Психология» мамандығының 3-курс студенттері қонақтарға арнайы интерактивті аймақ ұйымдастырып, шеберлік сағаттары мен қызықты нейро-жаттығулар өткізді.
Жиынның ресми бөлімін ашқан факультет деканы Алибек Табулденов жыл сайын психология мамандығына түсушілер саны артып келе жатқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде аталған мамандықтың өзектілігін айқындайды.
Ал кафедра меңгерушісі Гульнара Саткангулова кафедрадағы оқу үдерісінің қаншалықты қызықты өтетіні туралы айтып, «Кіші психология академиясы» жобасын таныстырды. Академияның жұмыс бағдарламасы мектеп психологтарына жолданып, ал оқушыларға арналған сабақтар аптасына бір рет өткізілмек.
Кездесуде өз ісінің нағыз шеберлері, ҚӨУ түлектері де сөз сөйледі.
Тарас Нагайцев, Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының клиникалық психологы, науқастармен жұмыс істеудің қыр-сырын баяндады.
Жанар Семенова, төтенше жағдайлар медицина орталығының психологы, қонақтарды қиын сәттердегі психологиялық көмектің маңызымен таныстырып, түсіндірді.
Әсем Жансинова «Baby» балалар орталығының нейропсихологы, балалармен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне тоқталды.
«Бұл кездесу маған өте ұнады. Тек психология емес, жалпы университеттегі басқа да мамандықтар туралы құнды мәлімет алдым. Болашақта кім болатынымды шешуге үлкен көмегі тиді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», – деп әсерімен бөлісті Қостанай қаласындағы №4 мектебінің 9-сынып оқушысы Екатерина Маленчук.
Ақпаратты ҚӨУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының 3 курс студенті Милена Мишеладзе дайындады




