object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-19 05:51:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ветеринарлық компас

Қостанай ауылшаруашылығы колледжінің түлектері Baitursynuly University ветеринарлық медицина кафедрасында қонақта болып, білім ордасының мүмкіндіктерімен танысты. Көпшілігі бұл жерге енді қонақ емес, болашақ талапкер ретінде оралуға ниетті.

Оған себеп – университеттің ұсынатын мүмкіндіктері мен қызықты бағдарламалары. Ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі Марат Аубакиров, ветеринарлық санитария кафедрасының меңгерушісі Нурлан Кауменов, қабылдау комиссиясының мамандары және оқытушылар колледж студенттері үшін болашақ мамандықтарына байланысты ақпарат беретін ерекше интерактивті кездесу ұйымдастырды.

Кездесу модераторы - аға оқытушы Айнур Рагатованың жетекшілігімен шараға 30-дан астам студент қатысты. Қонақтарға университетке қабылдау ережелері, шекті балл және біздегі білім алудың артықшылықтары жайлы толық мәлімет берілді. Олардың қатарында академиялық ұтқырлық, облыстың үздік кәсіпорындарында тәжірибеден өту, қызықты студенттік өмір және жоғары жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Осы секілді кездесу кафедра тарапынан Қостанай ауданының Жданов жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін де онлайн форматта өткізілді.

Қабылдау комиссиясы