object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 08:00:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Бірегей жоба

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті биыл екінші жыл Жастар жылының аясында бастау алған «Ректор гранты» жобасын сәтті жүзеге асыруда. Жоба мемлекет, университет және бизнес арасындағы үшжақты ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, оны жүзеге асыру үшін Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарының әкімдерімен мақсатты оқыту туралы меморандумдар жасалды.

Әкімдіктер кадрлар қажеттілігіне сәйкес университеттің білім беру бағдарламаларында оқу үшін мектеп түлектерін кәсіптік іріктеуді жүзеге асырады, тәжірибенің барлық түрлерінен өтуін қамтамасыз етеді және ең маңыздысы – жұмысқа орналасуға кепілдік береді. Ал университет өз тарапынан сапалы біліммен, тегін жатақханамен қамтамасыз етеді.

Стипендиялық қолдауды бизнес те ұсынады, бұл әрине аймақтың ірі кәсіпорындарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Осы жобаның арқасында биыл 36 студент бірінші курсты аяқтап жатыр.

Аталмыш жобаның қажеттілігі мен маңыздылығы университет студенттерінің пікірлерімен расталады. Біздің университетте оқуға грант алған Аружан Сарсенбаеваның пікірі мынадай: «Конкурсқа құжаттар берген кезде біз аздап күмәнмен қарадық, ҚМУ-де тегін оқуға мүмкіндік беретін ректор гранты маған бұйырғанда қуанышымда шек болмады. Берілген мүмкіндік пен сенім үшін рахмет!».

Айтпақшы, Аружан «Спарта» зияткерлік клубының көшбасшысы.

Ксения Амелина, «шетел филологиясы» мамандығының студенті де өзінің ризашылығын білдіреді: «Біздің университет – бұл шығармашылық, ғылым, мәдениеттің даму аймағы!»-дейді.

Ксения да белсенді студенттер қатарында, ол экономика және құқық институтының студенттік деканатының құрамында.

Оқу ордамызға алғысын білдірген тағы бір студент – 1 курс студенті Айжан Жылкишинова. «Қайта өңдеу және өнім өндіру технологиясында оқып, біздің университет кадрларды даярлаудағы ең үздік деп санаймын. Осы жерде оқу мүмкіндігі үшін рахмет»,-дейді.

Мұның бәрі әлеуметтік жауапкершілік пен жас таланттарды қолдаудың маңыздылығын растайды. Сондықтан университет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп биыл талапкерлерді іріктеуді жалғастыруда. Жақсы оқу үлгірімінің арқасында тағы 20 түлек ҚМУ-да ақысыз оқи алады.

Қабылдау комиссиясы