Бүгін Baitursynuly University-нің кәсіби бағдар беру командасы Қарабалық ауданында болды. 11 сынып оқушылары шынымен де сегіз қырлы, бір сырлы екен.
Біз келесі мектептердің оқушыларымен таныстық:
Біздің оқытушылар ҚӨУ-дегі білім мен ғылымның мықты тұстары жайлы сөз қозғады. Ал олардың саны аз емес. Кейбірін атап өтейік.
МАҚТАН ТҰТАМЫЗ
85 жылдық терең тарихы бар университетімізде «Мен ҚӨУ-дің түлегімін!» деп мақтанышпен айта алатын қаншама түлектеріміз бар.
ӘЛЕМДІ КӨРУ МҮМКІНДІГІ
ҚӨУ әлемнің түрлі елдеріндегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық байланыста. Біздің университетке оқуға түскен студенттер шетелде тәжірибеден өтіп, тіпті қос диплом алу мүмкіндігіне ие.
ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙСЫҢ!
140-тан астам білім беру бағдарламасы бар. Бізде гуманитарлық бағыттағы, шығармашылық, инженерлік, ІТ және спорт саласындағы мамандықтар ұсынылады. Түлектеріміздің орташа жұмысқа орналасу көрсеткіші – 90%.
КРЕАТИВТІ СТУДЕНТТЕР ОРДАСЫ
Бүгінгі күнге дейін біздің студенттеріміз бұл сөзімізді дәлелдеп келеді. Бүгін олар ҚӨУ-дегі жарқын студенттік өмір жайлы өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, мектеп оқушылары үшін интерактивті викторина ұйымдастырды.
Барлық сұрақтар университетіміз жайлы болды, жүлделеріміз де сол төңіректі қамтыды) Айта кету керек, қарабалықтық оқушылар сұрақтарымызға жылдам әрі дұрыс жауап бере алды. Бізге дәл осындай - ізденімпаз, белсенді, көңілді жастар керек.
Қарабалық ауданынан келетін талапкерлерді студенттер қатарында асыға күтеміз! ҚӨУ-дегі студенттік өмір - міндетті түрде сіздің көңіліңізден шығады.
Иә, мектеп оқушыларымен қызықты кездесу ұйымдастырып, викторинаны дайындаған белсенді студенттерімізге тағы бір мәрте АЛҒЫС айтқымыз келеді!
Фаина Нуцынбаева, Анна Арефьева, Иван Коробицын, Александр Дрогин, Ксения Исакова, Ерхан Каратаев, Данил Сташков - біздің зерек те, мықты студенттеріміз!