Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейітбек Қуанышбаев «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алуды жоспарлайтын оңтүстік облыстардың (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының), сондай-ақ батыс өңірлердің (Маңғыстау, Атырау облыстарының) мектеп түлектерімен тікелей эфир өткізді.
Эфир университеттің Instagram парақшасында онлайн режимде өтті. Талапкерлер «Серпін-2050» бағдарламасы, шарттары, жұмыспен өтеу өңірлері, университеттегі оқу барысы, жатақхана, білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат алды. Өздерін қызықтыратын сауалдарын қойып, оқу орны басшысынан тікелей жауап ала алды.
Эфир оқу орнының Instagram парақшасында, Igtv-да сақталады, қосымша сұрақтарыңыз болса, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызға хабарласыңыздар.