object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-01 00:19:19.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЛИСАКОВСКІДЕГІ КӘСІПТІК БАҒДАР

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қостанай облысы мектептерінің түлектерімен кездесулер өткізуді жалғастыруда.

Жақында оқу орнының өкілдері Лисаков қаласында көшпелі іс-шара ұйымдастырды, онда қалалық мәдениет және спорт үйінде № 1, 4, 6 мектептерден, мектеп-гимназиядан, Абай атындағы мектептен, мектеп-лицейден, сондай-ақ Октябрь мектебінің жоғары сынып оқушылары жиналды.

Кездесу барысында түлектердің назарына ақпараттық презентация ұсынылды, соның арқасында оқушылар университетпен жақынырақ танысып, оқу орнының артықшылықтары, оның ішінде әскери кафедраның болуы, қос дипломды білім беру мүмкіндігі, академиялық ұтқырлық, жұмысқа орналасу перспективалары және студенттік өмірдің басқа аспектілері туралы біле алды.

Кездесу соңында әрбір қатысушы ақпараттық буклет, сондай-ақ университет өкілдерінен қосымша кеңес алды.

Қабылдау комиссиясы