Университет облыс мектептерінің түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жалғастыруда. Осы айда факультет өкілдерінен құралған десант мүшелері облыс оқушылары арасында бірқатар кездесулер өткізді. Мұндай кездесулер Науырзым ауданы Докучаев жалпы білім беретін мектебінде және Әулиекөл ауданында өтті.
Ал келесі күні Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесуі өтті. № 1 және № 2 Құсмұрын жалпы білім беретін мектептерінің 60-қа жуық түлегі жиналып, оларға университет өкілдері, белсенді студенттер насихат жұмыстарын жүргізді. Олардың барлығы университеттің артықшылықтары мен оқу кезінде студенттерге ұсынатын перспективалары туралы айтты.
Алда шекара маңындағы облыстардың және еліміздің оңтүстік өңірлерінің жақын маңайындағы аудандары тұр.