object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 01:40:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

РУДНЫЙ КОЛЛЕДЖДЕРІНДЕГІ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және экономика және құқық факультеттерінің қызметкерлері Рудный қаласындағы колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Әлібек Табулденов Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі мен Рудныйлық технология және сервис колледжі студенттері алдында сөз сөйлеп, университет туралы айтып, университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің бағдарламаларына толығырақ тоқталды.

Колледж студенттері тәжірибеге бағытталған оқытудың ерекшеліктері, студенттердің академиялық ұтқырлығы, әскери кафедраның болуы туралы білді. Шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі Регина Ахметқалиева және Фулбрайт бағдарламасы бойынша орналасқан Небраска штатынан (АҚШ) келген ассистент-оқытушы Сейди Риттер колледж студенттеріне Шетел филологиясы кафедрасы, шет тілдерін меңгерудің артықшылықтары жөнінде ақпарат берді. 

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Ахметқали бейнероликтер көрсетті; заң БББ-на түсу және оқыту ерекшеліктері туралы айтып берді; студенттермен Құқық бойынша зияткерлік ойын өткізді. Ал «Тарих» БББ 1 курс магистранты Иван Тұйықов студенттерді «Мұрағаттану, құжаттану және мұражай ісі» БББ-на түсу мүмкіндігі туралы хабардар етті.

Факультет басшылығы Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің директоры Жомарт Құсайынға және Рудныйлық технология және сервис колледжінің директоры Айгүл Татьяноваға осы іс-шараларды өткізуге көмектескені үшін алғыс білдірді.

 

 

 

Қабылдау комиссиясы