Болашақ мамандықты «КИІП КӨРУ»

Ветеринар, санэпид маманы, биоинженер, агроном, технолог, биолог, эколог, химик немесе мықты ғалым...

Бұл ҚӨУ ауыл шаруашылығы факультетінде игеруге болатын мамандықтардың бір парасы ғана!

Өңіріміздің әр мектебінен келген біздің жас достарымыз интерактивті экскурсия кезінде түрлі мамандықтың «дәмін» татып, өздерін нағыз маман ретінде сезініп көрді.

2026 жылғы талапкерлер, нағыз ТОП екенсіздер! Сіздерді асыға күтудеміз.

Оқушыларға әскери кафедрада білім алудың артықшылықтары жайлы студенттеріміз баяндап берді.

Солтүстік аймақтағы жалғыз әскери кафедра ҚӨУ-де шоғырланғанын айта кеткен жөн.

Король Седжон Институтының оқытушылары ұйымдастырған интерактив үшін ерекше алғыс айтамыз @king_sejong_institute_kostanay.

Бірі білсе, бірі білмес – корей тілін меңгергісі келетіндер үшін бұл институт таптырмас орын!

ҚӨУ-де 130-дан астам білім беру бағдарламасы бар. Арманыңдағы мамандықты осы жерден табатыныңа сенімдіміз.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 118, 130-кабинет
Электронды пошта: talapker@ksu.edu.kz
Instagram @kru_kst_priyem
Telegram-bot @Talapker_KRU_AB_bot
т. 8 (7142) 54-28-49
WhatsApp: +7-775-155-04-00, +7-777-391-91-77

Қабылдау комиссиясы