Ғылыми-педагогикалық магистратура дегеніміз не? Қалай оқуға түсуге болады? Емтихандарды тапсыру қиын ба? Осы және өзге де сұрақтарға Baitursynuly University-нің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері кәсіби бағдар беру кездесуінде жауап алды.
Физика-химиялық және технологиялық зерттеулер зертханасының өкілі, химик-аналитик Карина Казбекова жаратылыстану ғылымдары кафедрасының магистратура бағдарламалары туралы айтып, студенттермен бірге магистратураға түсуге арналған тест тапсырмаларын қарастырды.
- ҚӨУ-дегі магистратураның тағы бір маңызды артықшылығы - ҚБ ҒЗИ-ның физика-химиялық және технологиялық зерттеулер зертханасы, – деп атап өтті Карина Азаматқызы. – Бұл магистранттарға ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мықты институт!
Іс-шараның модераторы жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Галина Ручкина болды.