ДИАГНОСТИКА нысаны – кәсіби ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

ҚӨУ-дың психолог-студенттері мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсетуде.

Инклюзивті білім беру моделі кәсіби бағдар беру жұмысын оқушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады, әсіресе бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін тіптен маңызды.

Бүгінгі мектеп оқушылары – ертеңгі университет талапкерлері. Ал Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы студенттер үшін тәжірибе базасы ретінде қызмет атқарады.

Қостанай қаласындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушыларының кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін диагностикалауды ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің психология кафедрасының соңғы курс студенттері жүргізді.=

Студенттердің тәжірибесі барысында оларға ҚӨУ Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының әдіскері Дархан Мұстафинов жетекшілік етті.

Зерттеу жасөспірімдердің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауының жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға дайындығының қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған.

Тәжірибенің келесі кезеңдерінде саналы кәсіби таңдау жасауға ықпал ететін негізгі тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған дамытушы тренингтер легін өткізу жоспарлануда. Олардың қатарында рефлексияны дамыту, жауапкершілік, мақсат қоя білу дағдылары және тұрақты кәсіби қызығушылықтарды қалыптастыру бар.

Бұл жұмыс студенттердің теориялық дайындығын инклюзивті білім беру ортасындағы психологиялық сүйемелдеу тәжірибесімен ұштастыруға бағытталған.

Қабылдау комиссиясы