object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-19 16:27:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Біздің есігіміз ӘРҚАШАН ашық

Бүгін Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институт қонақтарды құшақ жая қарсы алды.

ҚӨУ-дің педагогикалық корпусындағы Ашық есік күніне аймақтың түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары жиналды.

– Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! – деді Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев. – ҚӨУ-де 130-дан астам білім беру бағдарламасы бар. Өздеріңізге ұнайтын, жүректеріңіз қалаған мамандықты міндетті түрде таба аласыздар деп сенемін.

Бүгін сіздерде педагогикалық институтымызбен жақынырақ танысатын бірегей мүмкіндік бар. Қош келдіңіздер!

Мықты педагогтар, дарынды студенттер және оқу үшін тамаша атмосфера – мұның бәрін талапкерлер бүгін өздері көзбен көріп, жүрекпен сезінді.

Олар үшін ерекше бағдарлама дайындалды: интерактивті станциялар, тәжірибелер, эксперименттер, аквагрим, спорттық жарыстар, викторина, сыйлықтар және емтихан алдындағы әзіл-қалжыңға толы “студенттік ғұрыптар”.

Бізге келгендерге үлкен рахмет!

Осылайша Baitursynuly University көктемгі Open Day маусымын аяқтады. Бірақ бұл талапкерлер бізге келе алмайды деген сөз емес.

ҚӨУ-дің есігі сіздер үшін ӘРҚАШАН ашық!!! Жыл бойы! Күтеміз!

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

  • Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118, 140-каб.
  • Электрондық пошта: talapker@ksu.edu.kz
  • Instagram @kru_kst_priyem
  • 8 (7142) 54-28-49
  • WhatsApp +7-775-155-04-00

Қабылдау комиссиясы