Инженерлік академияның жұмыс жоспары аясында Baitursynuly University-де ИнженерFEST іс-шарасы өтті. Жоба жоғары сынып оқушыларына арналған.
Оқушыларды университеттің кіреберісінде студенттік парламенттің белсенділері қарсы алды. Олар оқушылардың болашаққа көз жүгіртіп, мамандық таңдауы бойынша кеңестер ұсынды.
Қысқасы, кейбір оқушылар өз таңдауларын жасап үлгерді.
- Мені машина жасау мамандығы қызықтырады, сондықтан болашақта осы салада жұмыс жасағым келеді. Бүгін осы сала туралы көбірек білсем деймін, - деп Қостанай қ №17 мектебінің 9-сынып оқушысы Вадим Наимбаев бөлісті.
Ал, А.Бірімжанов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Наргиз Смайлова, ағылшын тілі мұғалімі болуды таңдаған. Дегенмен, оқушының ойынша, инженерлік академия - шығармашылық ойлауды дамыту, өй өрісін кеңейту және жаңа достар табудың тамаша мүмкіндігі екен.
Baitursynuly University ректоры Сейтбек Бекенұлы Куанышбаев ИнженерFEST іс-шарасын аша отырып, сөз сөйледі:
– Біздің университетте Инженерлік академияның жұмысы өткен жылы басталды. Біз бағыттарымызды кеңейтіп, ҰБТ-ға дайындықты қостық. Бұл білім мен дағдылар сіздерге үлкен болашаққа есік ашады! Өткен жылы біздің екі студентіміз Оңтүстік Кореядағы Dong Eui University-не «Машина жасау» мамандығы бойынша оқуға түссе, ал биыл тағы сол университетке бес студент аттанды. Жаңа оқу жылынан бері 10 студент американдық Minnesota Morris университетіне қос диплом бағдарламасы бойынша қабылданды. Барлығы сіздердің қолдарыңызда!
ҚӨУ Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Берген Қалақов, осы мамандықтың келешегі, болашақ студенттер күтетін перспективалар туралы айтып берді.
Шара барысында оқушылар болашақ жұмыс берушілерімен таныса алды. ҚӨУ-дің 85 жылдығымен құттықтау үшін және оқушыларды қолдау мақсатында біздің серіктестеріміз келді. Олар: Allur, "KamLitKZ" ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамы.
- Кәсіптік бағдар беру жұмысы өте маңызды. Сондықтан біз Инженерлік академия аясында мектеп оқушылары үшін екі жыл қатарынан мастер-класстар өткізіп келеміз. Бірнеше жылдан соң, осы балаларды өз кәсіпорнымызда көреміз деген үміттеміз! - деп Allur жоғары инженерлік мектебінің басты маманы Жулдыз Елибаева атап өтті.