object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-25 23:34:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ӨСЕМІН десең - ҚӨУ-ге кел!

Федоров ауданының 11-сынып оқушыларымен кездесуіміз нағыз отбасылық атмосферада өтті.

Көңілді қарқында керемет әңгіме өрбіді

Біз бұл мектептердің мықты педагогикалық ұжымымен бұрыннан таныспыз. Енді аудан мектептерінің 2025 жылғы түлектерімен де танысқанымызға өте қуаныштымыз:

Бүгінгі мектеп оқушылары өздері таңдаған университеттің қаншалықты заманауи жабдықталғанына ерекше мән береді. Шынында да, бұл орынды сауал.

Осы және басқа да маңызды сұрақтарға оқушылар тікелей ҚӨУ оқытушылары мен студенттерінен жауап алды.

Baitursynuly University-де 200-ден астам заманауи аудитория, ондаған мультимедиялық кабинеттер, 30-дан аса оқу-зертханалық лабораториялар, бірнеше кітапхана мен оқу залдары, жасанды интеллект, қуатты ғылыми база және мол практикалық тәжірибе бар.

Мұның бәрі ҚӨУ-де дәл қазір бар. Университеттің мүмкіндіктері күн сайын артып келеді. Тек осы оқу жылының өзінде бірнеше жаңа зертхана аштық. Жыл соңына дейін тағы да ашамыз!

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БАР МА? Біздің қабылдау комиссиямыз әрдайым жауап беруге дайын. @kru_kst_priyem

Федоров ауданының түлектері, сіздерді асыға күтеміз! ҚӨУ-дің тату әрі болашағы зор командасы сіздерге ұнайтыны сөзсіз!

Қабылдау комиссиясы