Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев жаз айларында еліміздің оңтүстік өңірлерінде қабылдау комиссиясының құрамында табанды еңбек еткен студенттердің еңбегін айрықша атап өтті.
Осы студенттердің табанды еңбегінің нәтижесінде биыл ҚӨУ-дің студенттер қатары 57 мектеп түлегімен толықты. Олар талапкерлерге құжат тапсыруда бағыт-бағдар көрсетіп қана қоймай, шын мәнінде тәлімгерлік танытып, қолдау көрсетті.
Жауапкершілігі мен белсенді еңбегі ескеріліп, Ө. Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың студенттері марапатқа ие болды:
«Бұл бізге үлкен сабақ әрі құнды тәжірибе болды. Көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін ректорымызға ризашылығымызды білдіреміз!» – деді студенттер.
Сейтбек Бекенұлы жастарға алғыс хаттар табыстап, әрқайсысының есепшотына 100 000 теңге көлемінде сыйақы аударылатынын жеткізді.
Мұндай игі істер жас буынға жігер сыйлап, кәсіби бағдар жұмысына жаңа серпін береді. ҚӨУ – ортақ мүдде мен бірлікке негізделген ұжым. Осы орайда қабылдау комиссиясына атсалысқан баршаңызға АЛҒЫСЫМЫЗДЫ блідіреміз!