Бастамасы жаман емес, тіпті керемет шықты десек те болады! ӨӨӨТЕ көңілді, жылы әрі танымдық деңгейде өтті.
Бұл жолы студенттер спикер рөлінде болып, оқушылардың сауалдарына жауап берді.
Ал «журналистер» ретінде Қостанай мектептерінің оқушылары бақ сынады.
Бұл балалар @kst_journalists_team мүшелері, көбісі ҚӨУ-дің Жазғы журналистика мектебінің түлектері.
Жас журналистердің сұрақтарында шек болмады, ал студенттердің жауаптары бәрін қызықтырды. Ортада есте қалған оқиғалар да айтылды, пайдалы кеңестер де берілді, тіпті мектеп пен университет арасындағы өзіндік «сөздік» те жасалды.
Кездесу соңы бимен және тәттілермен аяқталды. Журналистер дән риза! Ал студенттер «тағы да қайталайық!» деп құлшынып отыр.
Егер басқа да мектеп оқушылары осындай кездесулерге қатысқысы келсе, қорықпай бізге жаза беріңіздер!












