Baitursynuly University өкілдері Ақмола облысының мектеп түлектерімен кездесті.
Державинск қаласында Жұмысшы кәсіптер жылы аясында өткен шараға біздің оқытушылар да қатысып, болашақ мамандық таңдауға қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті. Жиынға түрлі сала мамандары, еңбек ардагерлері, жас мамандар, мектеп оқушылары және олардың ата-аналары жиналды.
Келешектің кемел жолына қадам басқалы жатқан жастар үшін бұл кездесу аса маңызды болды. 9 және 11-сынып түлектері ата-аналарымен бірге келіп, қажетті бағыт-бағдар алды.
Университетіміздің оқытушылары Шынгысхан Габдуллин мен Дастан Абилтаев ҚӨУ-дегі 130-дан астам білім беру бағдарламасы туралы айтып, әр талапкер өзіне лайықты мамандықты табатынын жеткізді. Бізде гуманитарий де, ІТ-маманы да, спортшы да, нақты ғылымдарды сүйетіндер де өз орнын таба алады.
Ақмола облысының талапкерлерін асыға күтеміз!