object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 14:07:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің базасында Қостанай қаласының мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өтті.  Ашық есік күні – жоғары оқу орны жайлы толық ақпарат беріп, мәні мен маңызын танытатын іс-шара.

Шараға университет басшылығы, оқытушылар, мектеп оқушылары мен ата-аналары және ұстаздары қатысты.

Кездесу барысында академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Исакаев оқу орнымызға қалай түсу керек, қандай мамандықтарды таңдауға болады, біздің университетіміз басқа оқу орындарынан немен ерекшеленеді, қосдипломды бағдарламалар жөнінде толық түсіндіріп, мағлұматтар берді.

Университет жайлы түсірілген әр факультет пен институт жайлы бейнероликтер көрсетілді.

А. Байтұсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде студенттік өмірдің қызықты, әрі пайдалы өтетінінің дәлелі ретінде педагогикалық институттың «Биология және химия» мамандығының 3 курс студенті Мұрат Бекжанов студенттік парламент жайлы ақпарат берді. Білім алып қана қоймай, дебатқа, «Өнер» студиясының вокал, би үйірмелеріне қатысып өзі сияқты белсенді студенттер қатарынан көрінуге болатының айтты.

Ашық есік күнінің ерекшелігі де осы ҚӨУ-нің «Өнер» студиясының студенттері мектеп оқушылары үшін арнайы дайындаған концерттік бағдарламалары болды.

 

Қабылдау комиссиясы