object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-12 12:34:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Рудный әкімінің өзі – БІЗДІҢ түлегіміз!

Мерекеден кейінгі жұмыс аптасын Baitursynuly University кәсіби бағдар беру тобы Рудный қаласынан бастады.

Бұл қала мен ҚӨУ-ді жылы әрі жарқын қарым-қатынас байланыстырады. Біздің студенттер мен түлектеріміздің арасында рудныйлықтар ӨТЕ КӨП. Біз олардың жетістіктерімен мақтанамыз.

Оның үстіне, Рудный қаласының әкімі Виктор Николаевич Ионенко да – біздің түлегіміз!

Мамандық таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек? Қазіргі кезде ЖОО таңдағанда нені ескеру маңызды? Университет қабырғасында оқып жүріп-ақ мансапты қалай бастауға болады?

Осы және өзге де сұрақтарға рудныйлық мектеп оқушыларына ҚӨУ оқытушылары мен студенттері жауап берді.

Айтпақшы, рудныйлық түлектермен кездесуге осыдан бірнеше жыл бұрын дәл сол мектептердің 11-сынып оқушылары болған ҚӨУ студенттері келді.

Иә, олар да сол кезде қобалжығанын, сан түрлі сұрақтың мазалағанын мойындайды. Ал бүгінде бұл жастар – ҚӨУ-дің көшбасшылары, ең талантты әрі болашағынан зор үміт күттіретін студенттері.

Биыл да Рудныйлық талапкерлерді асыға күтеміз!

Сәтті мансап құру үшін сенімді университетті таңдаңыз.

Барлық мәліметтер осында. @kru_kst_priyem

Қабылдау комиссиясы