object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-27 03:09:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Танысыңыз - Ridvan Kizilkaya!

Осы оқу жылында Ondokuz Mayıs University (Түркия) ауылшаруашылық факультетінің топырақтану және өсімдік қоректенуі кафедрасының профессоры Baitursynuly University студенттері мен магистранттарына дәріс оқыды.

Профессор Ridvan Kizilkaya - топырақтану саласының беделді маманы. Өсімдік қоректенуі, биогеохимиялық циклдар, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндірісінің экологиялық аспектілері бойынша зерттеулермен белсенді айналысады.

Профессор өткен аптада Түркиядан Қостанайға ұшып келді. Ол ҚӨУ студенттері мен оқытушыларымен ғана емес, сонымен қатар "Заречное" ауылшаруашылық тәжірибелік станциясы ЖШС және "Тэрра" ШҚ жергілікті егіншілік ерекшеліктерімен де танысып үлгерді.

Агрономия және экология кафедрасының студенттері мен магистранттарына Ridvan Kizilkaya "Топырақтану және өсімдік қоректенуінің негіздері" атты дәрістер оқиды, ал оқытушылар үшін "Топырақ құнарлылығын тұрақты басқару" курстарын жүргізеді.

Ғылыми бағыттар бойынша ынтымақтастық, жобаларды коммерцияландыру және бірлескен стартаптар мүмкіндіктерін зерттеу жоспарланған.

Қабылдау комиссиясы