ҚЫСҚЫ мектеп 2026: жаңа дағдылар

Студенттер каникулда демалып жатқанда, ҚӨУ оқытушылары партаға отырды. «Қысқы мектеп» – жаңа дағдыларды меңгеруге көмектесетін жоба. Минимум дәріс, максимум тәжірибе.

Қатысушылар: профессорлық-оқытушылық құрам, кафедра меңгерушілері мен басшылар, жас оқытушылар, кураторлар.

5-16 қаңтар аралығында олар заманауи педагогикалық технологиялар, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, академиялық басқару, білім берудегі ЖИ, академиялық жазылым, инклюзивті және сапалы білім беру мәселелері бойынша семинарлар мен практикумдарға, воркшоптар мен шеберлік сабақтарына, сондай-ақ «Иннова – 2026» халықаралық конференциясына қатысады.

Іс-шара білім беру сапасын арттыруға, академиялық басқаруды жетілдіруге және заманауи педагогикалық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

ҚӨУ оқу ісі жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева:

- Қысқы мектеп – тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогты дамытуға және университеттің академиялық әлеуетін нығайтуға арналған тиімді алаң. Өткен жылдары профессорлық-оқытушылар құрамының пәндік және кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған алаң ретінде ұйымдастырылып келді. Ал биылғы Қысқы мектептің бағдарламасы мазмұндық тұрғыдан кеңейтіліп, корпоративтік оқыту элементтерімен толықтырылды.

Сонымен қатар Қысқы мектеп аясында Алматы қаласынан шақырылған білікті мамандар мен сарапшылардың қатысуымен бірқатар семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Жобаға университет оқытушылары мен тәжірибелі практик мамандары белсенді түрде тартылады.

Қабылдау комиссиясы