Калининград қаласындағы Иммануил Кант Балтық Федералды Университетінде 19-22 сәуір аралығында өткен «Журфактар шайқасы» үшінші халықаралық байқауының финалына барлығы 10 команда жолдама алды. Олардың үшеуі Қазақстандық ЖОО-ның командалары. Өкінішке орай бұл үш команда пандемия мен қозғалыс қиындықтарына байланысты офлайн-турға бара алмады. Ұйымдастырушылар Қазақстанның финалистері үшін «Фора» онлайн-турнирін өткізді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының командасы онлайн-турнирге қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, «Журфактар шайқасының» іріктеу кезеңі Ресей, Беларуссия және Қазақстанның 32 ЖОО арасында өткен болатын.
Финалда аға оқытушы Айнұр Сүлейменованың жетекшілігімен Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің журналистерімен кіші кубок үшін онлайн режимінде бақ сынасты.
ҚӨУ-нің командасы басқа екі командадан 20 ұпайдан жоғары көрсеткішпен алға суырылып шығып, «Журфактар шайқасының» шағын кубогын жеңіп алды және келесі жылға қосымша 5 ұпай берілді.
Финалдық сайыс кезінде командалар берілген тақырыптар бойынша, 24 сағат ішінде 5 материал әзірлеп, жариялауы керек еді. Студенттер «Возрождение» неміс мәдени орталығы туралы очерк жазды, Ұлы Отан соғысы жылдарында Қостанай аумағына қоныс аудару және тың игеру туралы әңгімеледі, Қостанайдың мәдени көрікті жерлері туралы репортаж түсірді және «Сіз досыңызды қаншалықты жақсы білесіз» тақырыбында шоу түсірді.
Кубок пошта арқылы жіберілді, ал журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы келесі жылға, төртінші «Журфактар шайқасы» халықаралық ойынына дайындалу үстінде.