object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 02:24:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Журфактар шайқасы»

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының құрама командасы 2021 жылдың 19-23 сәуірі аралығында Калининград қаласында өтетін «Журналистика факультеттерінің шайқасы» халықаралық байқауына қатысады. Іс-шара дәстүрлі форматта, яғни of-line өтеді. Байқау журналистердің мультимедиялық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ халықаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған.

2018 жылдан бастап «Жаңа медиа оқытушылар достастығы» автономды коммерциялық емес ұйымы жыл сайын Ресейде журналистерді оқытумен айналысатын кафедралар арасында кәсіби байқау өткізіп келеді. Биылғы оқу жылында «Журналистика факультеттері шайқасына» бірінші рет Қазақстан мен Беларуссияның журналистика факультеттері мен кафедралары қатысты. Байқауға қатысуға әртүрлі университеттерден барлығы 30-дан астам өтініш түсіпті.

Финалға өту үшін сырттай турға қатысу керек болды. Нәтижесінде ҚӨУ-нің журналистика мамандығының студенттері ТМД елдері университеттерінің арасынан суырылып шығып, үздік бестікке енді. Келесі турда Ресей мен ТМД елдерінің командалары бірігіп жұмыс істейтін болады.

Қабылдау комиссиясы