object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-19 22:18:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының университетішілік кезеңі аяқталды

Университет «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының университетішілік кезеңін аяқтады. 2020 жылдың 30 қарашасында конкурстың екінші, Республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия үш оқытушыны лайықты деп таныды:

  1. Айдналиева Назгүл Аманжолқызы
  2. Самамбет Мәнсия Қалмағамбетқызы
  3. Әбсадық Алмасбек Ахметұлы

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктерге ие ұстаздар қатыса алады.

Байқау екі кезең бойынша өткізіледі - университетішілік және республикалық.

Байқаудың І кезеңі 2020 жылдың 12 қарашасында басталды және 30 қарашаға дейін жалғасты, ал байқаудың II кезеңі 2020 жылдың 4 желтоқсанында басталады және 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғасады.

Қабылдау комиссиясы