«Инновациялар панорамасы» іс-шаралары аясында Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында «Жоғары оқу орны мен балабақша/мектеп арасындағы өзара іс-қимыл сұранысқа ие мамандарды даярлаудың шарты: тәжірибе және перспективалар» атты диалог алаңы өтті. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен өткен жиынға студенттер, оқытушылар, ББ-ның түлектері, мектеп мұғалімдері мен қалалық балалар білім беру мекемелерінің тәрбиешілері қатысып, білім беру бағдарламаларын дамыту перспективаларын талқылады.
Диалог алаңының қонақтары:
Қарлығаш Көбеева - Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамыту бөлімінің басшысы;
Елена Комендантова – №15 бөбекжай-балабақшаның әдіскері;
Қымбат Омарова – №13 бөбекжай-балабақшаның әдіскері;
Құралай Шодорова – Қостанай қаласындағы «Әйгерім-Ай» жекеменшік мектебінің директоры;
Полина Фирсова – «Әйгерім-Ай» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
Наталья Лактионова, Мария Железнякова - №2 лицей мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері.
Кездесудің модераторлары - педагогика ғылымдарының кандидаттары, кафедраның қауымдастырылған профессорлары Елена Ли мен Сәуле Байжанова.
Кездесудің негізгі мақсаты – кафедраның білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуі, түлектерді еңбек нарығына сай сапалы даярлау үшін ББ-ын жаңарту, идеяларды бағалау, олардың сұранысы тұрғысында оқу үрдісін жетілдіру.
Диалог алаңы барлық қатысушыларға талқыланатын мәселе бойынша өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік берді, сондай-ақ іс-шараға қатысушылар қазіргі заманғы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мәселелері бойынша ортақ пікірлерді тұжырымдады.
Талқыланған мәселелер қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, әрбір ұстаз, шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын жеткізді.