object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 10:33:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЖОБА АЯҚТАЛДЫ...

Дүниежүзілік банктің «Педагогикалық білімнің әлеуетін күшейту» жобасы аяқталды, оған Қазақстан Республикасының педагогикалық университеттері, Назарбаев Университеті, Финляндияның ХAMK университеті және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті қатысты. Жобаға қатысушылар 30 инновациялық білім беру бағдарламасын әзірледі, сондай-ақ университеттердің педагогикалық білімнің өзекті мәселелеріне байланысты институционалдық жобаларына атсалысты.

Осы жоба аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де жоғары педагогикалық білімнің заманауи тенденцияларына сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша педагогикалық институттың оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Курстың модераторы – жоғарыда айтылған жоба бойынша Финляндияда білім алып келген, университет командасының жетекшісі Елена Ли. Ал дәрісті жобаға қатысушы университет командасының мүшелері Людмила Лиходедова мен Жанара Сүйіндікова оқыды.

Бүгін академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Исакаев салтанатты түрде курстың 46 түлегіне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ХAMK университетінің сертификаттарын табыстады.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және жаңа білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен дамытуда сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы