«Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйыдастыруымен «XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті» тақырыбында ЖОО студенттерінің арасында Республикалық онлайн-ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқау ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» үкіметтік емес ұйымының қолдауын тапты.
«Тарих ақтаңдақтары» саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасы аясында өткен ғылыми жобалар байқауына 14 өңірден 17 сайыскер қатысты. Бұл қатарда А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері де бар. Оқу ордамыздың студенттері терең білімімен, тіл шеберлігімен көзге түсіп, жеңімпаздар қатарынан табылды. Қазақ тілі мен әдебиеті ББ-ның 4-ші курс студенті Жауынбай Жылқыбайұлы «Алаштың ескерусіз қалған дәрігері» атты мақаласымен 1-ші орынды және 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады. Дәл осы мамандықтың тағы бір студенті Нұрсұлтан Сабыржан «Батпаққара көтерілісі: №702 іс» мақаласымен 2-ші орынды иеленді. Нұрсұлтанның ақшалай сыйлығы - 75 мың теңге.