2022 жылдың 14 қыркүйегінде Эразмус+ бағдарламасы аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Орталық Азиядағы үлкен деректерді интеллектуалды талдау бойынша оқу-зерттеу орталықтарын құру және курстарды дамыту» атты халықаралық вебинар өтті. Модераторы – Қашықтықтан оқыту және қосымша білім беру институтының директоры Азамат Жикеев. Онда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің және Халықаралық IT университетінің (Қазақстан), Бұхара инженерлік-технологиялық институтының (Өзбекстан), Үргеніш мемлекеттік университетінің (Өзбекстан), И.Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің, Ош технологиялық университеті (Қырғызстан) және Куляб технологиялар және инновациялық менеджмент институтының (Тәжікстан) студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Вебинар спикерлері:
Мария Рыспаева – А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ. Баяндама тақырыбы: «Жасанды интеллекттегі тепе-теңдік пен деректерді генерациялау құралдары».
Владимир Мадин – А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ. Баяндама тақырыбы: «Python көмегімен болжау (f2 болжамы). Математикалық болжамды сарапшының түзетуі».
Айдос Сәрсембаев - Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Қазақстан). Тақырыбы: «Қазақ тілі үшін сөйлеу синтезі».
Хамрокул Саидов - BETI (Өзбекстан). Баяндама Тақырыбы: «Байес теориясын машиналық оқытуға қолдану».
Жамолбек Маттиев - УрМУ (Өзбекстан). Тақырыбы: «Ассоциативті классификацияның ықшам және нақты үлгісін жасау».
Айжан Көчекбаева, Александр Гурьев. КарМТУ, Қырғызстан. Тақырыбы: «Тұлғалық қасиеттерді талдау негізінде тұлға түрін болжау».
Баяндамалардан кейін талқылау жүргізіліп, жобаны жүзеге асыру перспективалары пысықталды.