Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ мен BINOM мектебі ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Келісімге басқарма төрағасы-ректордың м.а. Ербол Исақаев пен BI Education академиялық директоры Арайлым Мағзұмова қол қойды.
BINOM SCHOOL – қазақстандық жалпы білім беру үдерісіне озық әдістемелерді енгізген жаңа бренд. Қазір Елордада осындай форматтағы 4 мектеп жұмыс істеп тұр, тағы бір мектеп Атырау қаласында ашылды. Бұл мектептерде білім беру үрдісі отандық бағдарлама бойынша және Финляндия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея елдерінің озық халықаралық жүйелері негізінде ұйымдастырылған, оқу қазақ, орыс, ал кейбір пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. BINOM SCHOOL – 5 негізгі бағыт бойынша оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған мемлекеттік мектептер: Soft-skils, цифрлық дағдылар, қаржы және бизнестегі жаңа дағдылар, ал құндылықтар жүйесі бойынша жаһандық азаматтық, ынтымақтастық және көшбасшылық қабілеттерді дамыту көзделеді. Айтпақшы, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасына сәйкес жаңа буын мектебінің техникалық жарақтандыру үлесі 21 пайызды құрайды.
Меморандум аясында университетіміздің педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттері үшін тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған. Мектеп өндірістік тәжірибеден өткен студенттерге жалақы төлеуге дайын. Сонымен қатар, түлектерге жұмысқа орналасуға да мүмкіндік бар.