2022 жылдың сәуір айынан бастап «Эмпатия» психологиялық орталығының, Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейінің базасында Педагогика және психология кафедрасының филиалдары ашылды, сондай-ақ «Қостанай облысы психологтарының қауымдастығымен» өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бойынша келісім-шарт жасалды.
Филиалдар мен практика базаларының көмегімен бакалавриат және магистратура деңгейіндегі болашақ педагог-психологтарды ЖОО-да оқыту тәжірибеге бағытталады.
Ынтымақтастықтың басым бағыттары:
- Арт-терапия, гипнотерапия, МАК-терапия, когнитивті-мінез-құлық терапиясының практикалық дағдыларын дамыту;
- жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, буллинг, агрессивті мінез-құлықпен жұмыс істеу, сондай-ақ бала-ата-ана қарым-қатынасына, жеке проблемаларына психологиялық кеңес беру дағдыларын жетілдіру;
- қоғамның талабы, волонтерлік жобалар бойынша психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
- оқу пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізу («Білім беру жүйесіндегі практикалық психология», «Мектептік және отбасылық медиация», «Арт-терапия», «Конфликтология» және т.б.).
Педагогика және психология кафедрасының филиалдары мен практика базаларының негізінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарының эксперименттік-зерттеу жобаларын әзірлеу жоспарлануда.
«Эмпатия» психологиялық орталығы, «Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы», Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшылары мен қызметкерлері және басқа да стейкхолдерлер Педагогика және психология ББ-ның студенттерін мамандыққа баулуға қатысады.
Молдахметова Гаухар Молдабековнаға, Калюжная Юлия Амантаевнаға, Сюндикова Данагүл Жаппасбаевнаға ынтымақтастық үшін Педагогика және психология кафедрасы алғыстарын білдіреді!