object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 18:14:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жаңа балабақша ашылды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Sweet baby» балабақшасының ашылу салтанатында болды. Балабақшаны А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жеке кәсіпкер, Гүлім Ахметоваға жалға берген. Бұл жерде университетіміздің студенттері педагогикалық тәжірибеден өтетін болады. «Sweet baby» мектепке дейінгі ұйымы педагогикалық институт кафедраларының филиалы болмақ. Университет оқу үдерісіне дуалды оқыту қағидаттарын белсенді түрде енгізуде, ал балабақша педагогикалық мамандықтар студенттерінің балалармен жұмыс істеуде практикалық дағдыларын қалыптастыратын алаңға айналады, ал мұғалімдер үшін бұл мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық шеберлік әдістерін жетілдіру мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар 52 адам жұмыспен қамтылды.

Балабақшада тәжірибеден өткен студенттердің кейін осы жерге жұмысқа тұру мүмкіндігі де қарастырылған.

Балабақша 250 орындық. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 100 бала, коммерциялық топтарда 50 бала бар. Бюджеттік орындарға қабылдау әлі де жүріп жатыр.

Облыс әкімінің айтуынша, мемлекет үшін жаңа нысандар салғаннан гөрі, шағын кәсіпкерлікті қолдау тиімді. Сондай-ақ облыс әкімі ҚӨУ-нің ректоры Алма Дощановаға облыстың әлеуметтік саласына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың 2021 жылғы 19 ақпандағы бейінді емес активтерді аутсорсингке беру туралы тапсырмасын орындау үшін, бюджеттік қамтудың тиімділігін арттыру мақсатында біз ауданы 1600 шаршы метрді құрайтын шейпинг-орталық пен профилакторий ғимараттарын жалға берген болатынбыз.

Балабақша заман талабына сай жабдықталған, топтар жарық, заманауи үлгіде безендірілген. Бақшада тіпті бассейн мен сауна бар. Барлық бөлмелерде бейнекамералар бар. Университет қызметкерлері «Онлайн-ана» сайтын әзірлеуде, бұл сайт арқылы ата-аналар онлайн қосылып, балаларын сырттай бақылай алады.

Қабылдау комиссиясы