object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 21:39:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жұмыссыз қалмайды!

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының ветеринарлық медицина кафедрасында түлектерді жұмыспен қамту мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

Өздеріңіз білетіндей, түлектерді жұмысқа орналастыру - бұл түлек үшін ғана емес, сонымен қатар университет үшін де басты мәселелердің бірі. Конференцияның мақсаты да осы - оларға жұмыс табуға көмектесу. Университет қазірдің өзінде бұл бағытта көптеген жұмыстар жүргізіп жатыр. Мысалы жыл сайын университетте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Оған Қостанай облысының ветеринария басқармаларының басшылары, мансап және жұмыспен қамту орталығының мамандары, университеттің оқытушылары, сонымен қатар ветеринария кафедрасының соңғы курс студенттері қатысады.

Өз кезегінде Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Шоқан Тасмағамбетов аумақтық инспекция қызметкерлерінің 70% -ы А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің түлектері екенін атап өтті.

«2021 жылдың сәуірінен бастап шекара бекеттерін бақылау бөлімі ашылады. Бөлімдерге ветеринар мамандар қажет. Бүгінгі күні облыста ветеринарларға арналған 9 бос жұмыс орны бар: оның 6-уы Қостанай облысының аудандарында және 3 бос жұмыс орны Рудный, Лисаковск, Арқалық қалаларында. Оқу бітіргеннен кейін бізге жұмысқа келіңіздер», - деді Ш.Тасмағамбетов.

Іс-шараға қатысқан спикерлер, облыстың ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының өкілдері ветеринарлық медицина кафедрасының түлектері жоғары білікті мамандар екенін және оларға деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқандығын айтты. Мәселен, қазіргі уақытта Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында 5 бос жұмыс орны бар, аудандарға 7 маман, ветеринарлық пункттерге 55 маман қажет. Және бұл ауылшаруашылық саласына қажет мамандардың толық тізімі емес.

Университетте барлық мамандықтардың түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жыл бойы жүргізіледі. Сондай-ақ оқу орнының ресми сайтындағы ТҮЛЕК бөлімінде бос жұмыс орындарына байланысты ұсыныстармен өз бетінше таныса алады. 

Қабылдау комиссиясы