object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 03:41:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жұмыс берушілер мен студенттер кездесті

«Әдістемелік инновациялар айлығы» аясында В.Двуреченский ауылшаруашылық институтының «Ветеринария» кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу өткізді, мұндай кездесулердің негізгі мақсаты - түлектерді сапалы дайындау, университеттің жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуі. Дөңгелек үстел Zoom платформасы арқылы аралас форматта өтті. Іс-шара барысында түлектерді жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері айқындалып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Дөңгелек үстелге: В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының директоры Алмабек Нұғманов, Мансап және жұмыспен қамту орталығының бас маманы Айгүл Есетаева, ветеринариялық санитария кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Кауменов, Науырзым ауданының «Ветеринарлық станция» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Дүйсембай Ахметжанов, Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Таңатхан Нұрғазин, Қамысты ауданының ветеринарлық станциясының басшысы Дулат Жұмабаев, Денисов ауданы ветеринарлық станциясының басшысы Екатерина Дворовая, Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Дмитрий Естафьев, сонымен қатар Ұзынкөл ауданы ветеринарлық станциясы басшысының міндетін атқарушы Досан Кәрімов, Ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры Муафик Мұстафин мен осы кафедраның және Ветеринарлық санитария кафедрасының оқытушылары, 5 курс студенттері мен магистранттары қатысты.

Модератор: Еренко Евгения Николаевна, ветеринарлық медицина кафедрасының аға оқытушысы. Төраға: Әубәкіров Марат Жақсылықұлы – ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, в.ғ.к.

Дөңгелек үстелде жұмыс берушілер заманауи еңбек нарығының талаптарына сай келетін мамандарды даярлау сапасы мен ЖОО түлектерін Қостанай облысының мемлекеттік мекемелеріне жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады. Барлығы 7 баяндама тыңдалып, отырысқа қатысушылардың талқысына салынды. Дөңгелек үстелді В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының директоры Алмабек Нұғманов пен Ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры Муафик Мұстафин қорытындылады, іс-шараға қатысқан қонақтарға алғыстарын білдірді.

Қабылдау комиссиясы