object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 02:28:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Үздіктердің үздігі

20-28 ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан жоғары оқу орындарының журналистика факультеті студенттері арасында «XXI ғасырдың жаңа медиа-ланшафты» атты Барманқұлов оқулары өтті. Конкурс барысында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары қабылданып, іріктелді.

Байқау мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға,телерадиожурналистика бағытындағы шығармашылық ойлаулары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Байқау қорытындысы бойынша Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері үздік деп танылып, жүлделі орындарға ие болды:

 - Ержанова Жанар «Ғылыми жұмыс» номинациясы бойынша I дәрежелі диплом;

- Шнетова Аяжан «Үздік баспа материалы» номинациясы бойынша II дәрежелі диплом;

- Божко Лариса, Соколовская Валерия, Головко Александра «Үздік телесюжет» номинациясы бойынша III дәрежелі диплом;

Студенттерімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

Қабылдау комиссиясы