Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының 3 курс студенттері «Мультимедиялық журналистика» пәнінің аясында оқу ордамыздың 2015 жылғы түлегі Валерия Радюкпен кездесті. Валерия штаттан тыс журналист (фрилансер) және әлеуметтік желілерде маркетолог болып жұмыс істейді.
Студенттерді әлеуметтік желілерде жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар, тұтынушымен жұмыс істеу ерекшеліктері және еңбекақы мөлшері қызықтырды. Валерия әртүрлі профильдегі ұйымдармен жұмыс істейді, олардың аккаунттарын жүргізеді, PR және жарнамалық науқандарға қатысады.
Кездесу пайдалы және мотивациялық болды. Валерия кәсіби қасиеттерді үнемі дамыту, жетілдіру қажеттілігін атап өтті және мансаптық өсу тарихымен бөлісті, өз жобалары үшін визуалды контент жасайтын бағдарламалар туралы айтты.