object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 13:23:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Өндірістің біз білмейтін қырлары

Корпоративтік заңгердің бойында қандай қасиеттердің болуы қажет? Ірі кәсіпорын мен оның қызметкерлерінің құқықтарын қалай қорғауға болады? Осы және басқа да сұрақтарға Baitursynuly University студенттері «АгромашхолдингKZ» акционерлік қоғамы тарапынан экскурсия барысында жауап алды.

Қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасының ұйымдастыруымен өткен тәжірибеге бағытталған сабақ тек пайдалы ғана емес, әрі өте қызықты болды. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері жеке бөлшектерден күрделі механизмнің қалай жасалатынын өз көздерімен көрді.

Бас маман Александр ЯКУБОВСКИЙ студенттерге өндірістің нюанстары мен әкімшілік-басқару аппаратының жұмысы туралы баяндап берді. Ал ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандарға қойылатын талаптар мен заңгерлік бөлімнің қызметі туралы заңгер Анатолий ЛЯН айтып берді.

Кафедра оқытушыларының айтуынша, осындай экскурсиялардан кейін кәсіби пәндер бойынша теориялық материалды меңгеру әлдеқайда нәтижелі бола түседі.

Қабылдау комиссиясы