object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 14:54:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

СОЛТҮСТІК ӨҢІРДІҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Қазіргі Қазақстанның демографиялық процестері» тақырыбында онлайн және офлайн режимінде ашық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел аясында Солтүстік Қазақстанның демографиялық мәселелері талқыланды, өкінішке орай Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша жеке демографиялық көрсеткіштердің динамикасы көңіл көншітпейді. Талқылау барысында халық санының өсуіне әсер ететін фактор ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мәселесі қаралды.

Баяндамашы, PhD доктор, М.Қозыбаев атындағы университеттің доценті Салтанат Исмағұлованың «Қазіргі кезеңдегі Солтүстік Қазақстанның көші-қон процестері» тақырыбындағы баяндамасы студенттер үшін қызықты, әрі пайдалы болды. Сондай-ақ, 7М01505-География мамандығының 2 курс магистранттары да баяндамаларын ұсынды: Дәулет Құдабаев «Қостанай облысының заманауи демографиялық мәселелері», Жасұлан Жабагенов «Солтүстік өңірдегі халық санының өзгеруіндегі сыртқы көші-қон процестерінің рөлі», Зарема Мырзақаева «Астана қаласының демографиялық жағдайы».

Іс-шараға «География» ББ-ның студенттері мен мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторлары – Гаухар Баубекова, Виктория Коваль, Зарема Мурзакаева.

 

Қабылдау комиссиясы