object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 08:15:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және болашақ

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС-де дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында «Allur» Корпоративтік университетінің Жоғары инженерлік мектебі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті және Турин политехникалық университеті (Италия) арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ бизнес пен білімнің арасындағы өзекті мәселелер қозғалып, алдағы ынтымақтастықтың бірлескен мақсаттары мен міндеттері белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, университет «Аlur» компаниялар тобына кіретін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-мен меморандумға қол қойған болатын. Бүгінде Қостанайға іс-сапармен келген Турин политехникалық университетінің өкілі, профессор Адриано Фестамен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде. Машина жасау саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындайтын базалық оқу орны ретінде өңірлік университет үшін инженерлік бағыттағы ынтымақтастықтың маңызы зор.

«Аlur» корпоративтік университеті өз кезегінде жоғары инженерлік мектеп жұмысының бағыттарымен таныстырып, корпоративтік бизнес мектебінің жоспарларымен, жетістіктерімен бөлісті. Одан кейін дөңгелек үстел қатысушылары үшін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырылды.

Қабылдау комиссиясы